Өзен-көлдерімізге балық өсірсе

96

Облыстың бас басылымы «Aq jol» газетінің сейсенбі, 31 шілде күнгі №87 санында жарық көрген «Аңшылық саяхатты» дамытудың жолы сан алуан» атты мақаласында құсбегі-этнограф Жапар Сатылғанов бірқатар өзекті жайттарды қозғапты. Бұл көптің көкейінде жүрген мәселе екенін айтқым келеді.
Мысалы, облыс аумағында орналасқан тауларымыз, орман-тоғайларымыз, өзен-көлдеріміз баршылық. Алысқа бармай-ақ, қаламыздағы 7, 8-мөлтек аудандарын қақ жарып өтетін «Зербұлақ» көлінің оңтүстігінде орналасқан «Қарасу» өзенінен қармақ салып, балық аулаушыларды көптеп кездестіруге болады. Ендігі мәселе, неге осы қаланың ішіндегі өзен-көлдерге балық өсіріп, қайықпен серуендеу, қызығушыларға балық аулауға мүмкіндік беретін қызмет түрін дамытпасқа? Байзақ ауданында да көлдер көп. Бұрын Мәдімар ауылының тұсындағы Кеңес ауылының маңында екі-үш көлі бар елді мекендерге балық өсіріп келген, осы жерлерді туристік аймаққа айналдыруға да болар еді.
1960-1970 жылдары бұрынғы Свердлов ауданы «Кеңес» колхозына қала тұрғындары демалыс күндері барып, шатыр тігіп, балық аулап, демалып қайтатын. Бірде түрік азаматы мені үйіне шақырып, бір қызық көрсететінін айтты. Өзі Талас өзенінің жанында тұратын. Барсам үйінің жанынан көлшік жасап, сазан балықтың уылдырығын тастапты. Балық өсірумен айналысқанына біраз болса керек. Сол көлшікте өскен сазан балықтың әрқайсысы 2-3 келі тартатын. Міне, түрік азаматының осы бір тың бастамасы мені таңғалдырған болатын.

Барат МЫҢБОСЫНОВ,
зейнеткер.

Тараз қаласы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.

микро займ на карту