- Advertisement -

Түлкібұлаңға салып төлемей жүр

270

- Advertisement -

Елбасымыз елімізді әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосу үшін кәсіпкерлікті өркендетуге ерекше көңіл бөліп келеді. Ұлым Шоқан екеуміз ел керегін түгендеп, кәсіпкерлікпен шұғылданып, өрнектас \брусчатка\ жасаймыз. Отбасымызды осылай асырап отырмыз. 2017 жылдың қазан айының соңында «Фрейдер Строй Проект» ЖШС-ның өкілі Азамат Әлішев келіп, Т.Рысқұлов ауданының аумағында салынып жатқан Дулат баба кесенесіне өрнектас керек екенін айтты. Мың шаршы метр өрнектасқа тапсырыс берді. Ақшасын Т.Рысқұлов аудандық әкімшілігі төлейді деді. Былтыр қараша айының басында 500 мың теңге беріп, қажетті тауарды алып кетті. Қалған 1 миллион 740 мың теңгені кейін төлеймін деді.
Міне, содан бері 10 ай өтті. Азамат Әлішев ақшаны аудандық әкімшілік жаратып қойыпты, біресе, оны аудан әкімі А.Қырықбаев төлеуі керек деп түлкібұлаңға салып төлемей келеді. Кесенеге өрнектас төсеген біраз кісілер де тиесілі еңбекақысын ала алмай зар илеп жүр. Ақшаны А.Қырықбаевтан сұрасақ, мен тиісті қаржыны А.Әлішевке толық төлегенмін дейді. Бізді қынжылтатыны – қоғамда кейінгі кезде А.Әлішев сияқты адалдың еңбегін жейтіндердің көбейіп бара жатқаны…
Мұндайларды кім тәртіпке шақырады?

Қалмаханбет ҰРҒЫЛЖАЕВ,
кәсіпкер.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support