- Advertisement -

Тәңір таңбасы

216

- Advertisement -

Қазақ халқы «қал» деп айтатын жаңа туған баладағы көк таңбаны моңғол және жапон ғалымдары бірге зерттеп, оның бірнеше ұлтта ғана кездесетінін анықтады, деп жазады SakhaNews АА.
Моңғол халқы «Тэнгрийн тамга» (Тәңір таңба) деп атайтын белгіні Токиода жапон антропологтері мен генетиктері ерекше тәсіл арқылы зерттеп, бірқатар ғылыми қорытынды ұсынды. Ғалымдардың айтуынша, ол белгі көбінесе нәрестеде бес жасқа дейін сақталып, кейде 7-13 жасқа дейін болады. Тіпті өмір бойы сақталатындары да бар екен, бірақ ол — өте сирек кездесетін жағдай.
«Тәңір таңбасы» Еуропа халықтарында тіпті кездеспейді, тек Болгарияда жаңа туған нәрестелердің 0,6 пайызында ғана табылып қалады, делінген ғылыми тұжырымда. Ол негізінен бурят, якут, қырғыз, қазақ, жапондардың айндары, кәріс, қалмақ, тува, хакас ұлттарында сонымен қатар Солтүстік Американың үндістерінде ғана бар екен.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support