- Advertisement -

Елбасы Әзірет Сұлтан мешітіне барды 

107

- Advertisement -

Құрбан айт —  діни мереке ғана емес, барша адамзатты бір-біріне көмек қолын созуға үндеп, бауырмалдыққа баулитын үлкен рухани құндылық.

Бұл күндері адамдар жақындарына ақ тілектерін арнап, игі істер жасауға ұмтылады. Бүгін Елбасы барша қазақ елін қасиетті мерекемен құттықтап, осындай игі тілегін жеткізді. Мемлекет басшысы бұл ұлық мейрам адамдарды ұстанатын діні мен ұлтына бөліп жармай, бір-бірін қадірлей білуге зор ықпал ететіндігіне мән берді. Рухани тұтастығымызды нығайтып, бірлігімізді бекемдей түседі-деді. Сондай-ақ Президент  айтта шалған құрбандықтар мен жасаған қайырымды істер сауаптан жазылсын деген тілек тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

— Құрметті отандастарым! Баршаңызды мұсылманның ұлық мерекесі Құрбан айт күнімен құттықтаймын. Менің Жарлығыммен бүкіл Қазақтанға мейрам болып жарияланған. Елдер жұмыстан босатылып, намазының парызын орындасын деп. Халқымыз намаз оқып, құлшылық жасап, Құдайдан тілек тіледі. Құрбан деген сөз жақындау деген сөз. Қолынан келген азаматтар құрбан шалып жатыр. Әрқайсыңыз бала-шағаның, елдің тыныштығын сұрап, тілек тілеген боларсыздар. Сол тілектің бәрі орындалсын.

Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Әзірет сұлтан мешітіне арнайы барып, құран бағыштады. Сондағы халықпен де жүздесіп, ақ тілегін айтты. Елбасы жуырда елімізде дүниежүзілік діндер басшыларының 6-шы сьезі өтетіндігін айтты. Еліміздегі бірліктің арқасында түрлі конфессия өкілдері Қазақстанға жиналады.

 

24.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support