- Advertisement -

Азиада-2018: Қазақстандық балуан қыз финалға шықты

170

- Advertisement -

Азиада-2018: Қазақстандық балуан қыз финалға шықтыАСТАНА. ҚазАқпарат — Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында әйелдер күресінен қазақстандық балуан  Жұлдыз Ешімова финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей, бүгін 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Жұлдыз Ешімова жартылай финалда моңғолиялық балуанды 12:11 есебімен ұтып, финалға шықты. Енді ол Азия ойындарының алтын медалі үшін сынға түседі.

Алғашқы айналымдарда Жұлдыз Оңтүстік Корея және Таиланд қыздарынан басым болған еді.

Финалда қазақстандық спортшы Солтүстік Корея өкілі Пак Юнг Мимен белдеседі.

kazinform.kz

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support