- Advertisement -

Таэквондошы Алдонғарова — Азия ойындарының жүлдегері

162

- Advertisement -

Фариза Алдонғарова (қызыл формада) өзбекстандық Динорахан Мамадибрагимовамен кездесіп жатқан сәт. 20 тамыз 2018 жыл.

Индонезияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қазақстандық таэквондошы Фариза Алдонғарова 53 келіде қола медаль алды. Ол жартылай финалда тайпейлік Си По Яннан жеңілді.

Алдонғарова алғашқы айналымда өзбекстандық Динорахан Мамадибрагимованы 17:16 есебімен, ширек финалда ирандық Элах Шейдайды 11:3 есебімен жеңді.

Бұл — Қазақстанның биылғы Азия ойындарындағы бесінші медалі. 19 тамызда қазақстандық семсерлесуші Дмитрий Алексанин алтын алған. Еркін күрестен Қазақстан ерлер құрамасы бір күміс, екі қола иеленген.

Қазақстаннан Азиадаға 440 спортшы қатысады. Жарыстан хабар тарату үшін Азаттық тілшісі Джакартаға аттанған. Азиаданың барлық жаңалығын Азаттық сайтының арнайы парақшасынан оқи аласыздар. Азия ойындары қыркүйектің 2-cі күні аяқталады.

 

azattyq.org

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support