- Advertisement -

Үш адамды өлтірген күдікті қолға түсті

285

- Advertisement -

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 14 тамыз күні жамбылдық полицейлер Шу ауданында жергілікті шаруа қожалығының 48 жастағы қожайынын, оның 16-17 жастағы қызы мен ұлын өлтірді деген күдікпен 42 жастағы Шу қаласының тұрғынын ұстады.
Қылмыстық оқиға Далақайнар ауылынан 12 шақырым жердегі «Үш қызыл» таулы учаскесінде орналасқан шаруа қожалығында орын алған. Ер адамның денесі үйінің ауласынан, қызының мәйіті бөлмесінен, ұлыныкі – үйден 150 метр жердегі бұта арасынан табылған.
Алдын ала болжам бойынша қылмысты пайдакүнемдік ниетпен осы шаруашылықтың 42 жастағы қызметкері жасаған. Күдіктіден қолды еткен мотоцикл, ноутбук, ұялы телефондар мен ақшалай айғақ заттар тәркіленген. Ол кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Осы дерек негізінде ҚР ҚК-ның 99-бабы 2-бөлімі 1,14-тармақтарымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support