- Advertisement -

«Астана» Еуропа лигасында

188

- Advertisement -

Ал «Қайрат» тағы да «Сигмадан» жеңілді

Ел сенім артқан елордалық «Астана» футбол клубы Еуропа чемпиондар лигасымен қош айтысты. Бірінші ойынды өз алаңында өткізіп, Хорватияның «Динамосына» 0:2 есебімен жол берген қазақстандық команда екінші кездесуде де қарсыластарынан жеңіліп қалды. Хорватияда өткен екінші ойында алаң иелері 1:0 есебімен басым түсті. 74-минутта Марио Гавранович соққан гол қазақ жанкүйерлерінің үміт отын сөндірді.
«Астана» Еуропа чемпиондар лигасынан шығып қалғанымен, Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде бақ сынау мүмкіндігіне ие болып отыр. Ел чемпиондары Кипрдің «Апоэл» командасына қарсы жасыл алаңға шығады. Қазақстандық команда «Апоэлді» айналып өтсе, Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алатын болады. «Астана» үшін кипрлік клуб жақсы таныс. Екі команда бұрын да кездескен еді…
Сонымен Еуропа алаңдарында ел намысын «Астана» ғана қорғамақ. Еуропа лигасында сынға түскен Алматының «Қайрат» командасы үшінші кезеңнен әріге аса алмады. Чехияның «Сигмасынан» түзде 2:0 есебімен жеңілген алматылықтар қарымта кездесуде де жеңілістің ащы дәмін татты. «Қайрат» футболшылары бұл ойында барын салғанымен, қонақтардың мысы басым болды. Алдымен 19-минутта Мартин Нешпор «Қайраттық» қорғаушыларының қателігін ұтымды пайдаланып, есеп ашты. 51-минутта Давид Гоуский мергендігімен көзге түсіп, есепті еселеді. «Қайрат» футболшылардың шамасы бір гол соғуға ғана жетті. 61-минутта Мартон Эппель жұбаныш голының авторы атанды. Осылайша алматылықтар екі ойында да жеңіліп, жарыстан шығып қалды. Ойын барысында «Қайраттың» екі футболшысы алаңнан қуылды.

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support