- Advertisement -

Эбола вирусын жұқтырған конголықтардың саны 63-ке жетті

187

- Advertisement -

Эбола вирусын жұқтырған конголықтардың саны 63-ке жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат — Конго демократиялық республикасында Эбола вирусы туғызған расталған оқиғалар саны 63-ке жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

 

Конго демократиялық республикасының денсаулық сақтау министрлігі вирус туғызған 22 өлім жағдайын тіркеді.

«Жалпы оқиғалар саны — 90, оның 63-і расталды, тағы 27 жағдай анықталу үстінде» деп мәлім етті министрлік. Оның ішінде 22 адам қатерлі дерттен қаза тауып, олардың Эбола вирусын жұқтырғаны белгілі болды.

Қазіргі ауру ошағынан вирус таралуы — Конгодағы осымен оныншы жағдай. Мұның алдында жаңа жұқтыру оқиғалары «заир штаммынан» пайда болғаны анықталған еді. Бұл вирус өлімге апарып соқтыру көрсеткіші бойынша ерекшеленеді. 17 тамызда медқызметкерлер 500-ден астам адамға екпе жасады.

Эбола вирусын жұқтырған адамның ыстығы көтеріліп, қалтырап-дірілдей бастайды, жүрегі айнып, лоқсиды. Қан кетеді. Вирус ошағынан ауру тараған кезде қазаға ұшырау көрсеткіші 25-90 пайыз аралығында болады.

 

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support