- Advertisement -

Қонақүйлердегі қызметтің бес ерекше түрі аталды 

294

- Advertisement -

Әлемнің көптеген қонақүйінде жағажайда демалып, коктейль ішуге болады, бірақ, ерекше қызмет түрлерін ұсынатын мейманханалар да бар, деп хабарлады РИА Новости агенттігі PeterGreenberg.com сайтына сілтеме жасап.

Таиландтағы Чианграйда орналасқан қонақүйде кілемшені пілдің арқасына төсеп, йогамен айналысуға болады.

Берлиндегі (Германия) қонақүйде жай ғана ән айтып қоймай, екі студияның бірінде ән жаздыруға болады. Бірақ ол үшін бэк-вокалшыларды ала бару керек.

Нью-Джерсидегі (АҚШ) қонақүйде саябақ пен Атлант мұхитына қарап тұрған шатырда кешкілік кино көрсетіледі. Күндіз ол шатыр лаунж-зонаның қызметін атқарады.

Омандағы қонақүйде өзіңді Джеймс Бонд сезінуіңе болады. Қонақүйге жалға алынған көлікпен немесе таксимен барғыңыз келмесе, гид маманмен бірге парапланмен ұшып бара аласыз.

Гавай қонақүйі теннисшілерге опция ұсынады: корттар камералармен жабдықталған, олар ойынды сол мезетте жазып әрі талдай алады.

tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support