- Advertisement -

Нурмагомедов пен Макгрегор жекпе-жегінің билеттері үш минутта сатылып кеткен 

341

- Advertisement -

UFC229 турнирінің шеңберінде өтетін ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Коннор Макгрегор арасындағы жекпе-жектің билеттері үш минуттың ішінде сатылып кеткен, деп хабарлады РИА Новости агенттігі Dublin Live басылымына сілтеме жасап. UFC тамыздың басында Нурмагомедов пен Макгрегор арасындағы жекпе-жектің 6 қазанда Лас-Вегас қаласында (АҚШ) өтетінін хабарлады. Ресейлік боксшы жеңіл салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы деген белдігін қорғайды. Билеттердің құны 205-2505 доллар аралығында. Турнир өтетін аренада 20 мың адамға орын бар.  Айта кетейік, Нурмагомедов 26 кездесу өткізіп, 26 рет жеңіске жеткен. Ол — жеңіл салмақта UFC чемпионы. Макгрегор — жартылай жеңіл және жеңіл салмақта UFC-дің бұрынғы чемпионы. Оның қоржынында 21 жеңіс пен үш жеңіліс бар.

tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support