- Advertisement -

Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылық кешенін аралап көрді

388

- Advertisement -

Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылық кешенін аралап көрдіПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат — ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында «Агрофирма Эксимнан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ауыл шаруашылығы кешенін аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы облыстың ауыл шаруашылығы алқабын аралап көріп, егін ору науқанына дайындық барысымен танысты, сондай-ақ биыл Солтүстік Қазақстан облысының мол астық жинайтынына сенім білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылық кешенін аралап көрдіҚазақстан Президенті өңір шаруаларымен әңгімелесу барысында ауыл шаруашылығы өнімін әртараптандырып, мал шаруашылығын дамыту қажеттігін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылық кешенін аралап көрді   «Бұл жетістіктермен тоқтап қалмай, өндіріске ғылыми және цифрлық технологияларды енгізу керек. Қайта өңдеу саласын дамытпай, еңбек өнімділігін арттыру мүмкін емес», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылық кешенін аралап көрдіКәсіпорындар жетекшілері еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен аграрлық секторға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатқаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс білдірді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы облыс зауыттарында құрастырылатын тракторлар, комбайндар және басқа да астық жинауға арналған техникалар қойылған ауыл шаруашылығы көрмесін аралап көрді.

 

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support