Жаңа оқу жылындағы жаңалықтар қандай?

894

Қазір 5 жастан бастап балалар даярлық сыныбына бара алады. Ал бұған дейін 1-сыныпқа 7 жасқа толған немесе аз ғана уақыт қалғандар барса, енді 6 жасында мектептің табалдырығын аттай алады.
– Балалардың зейіні ерте бастан қалыптаса бастайтынын түрлі зерттеулер дәлелдеп отыр. Сол үшін балғындардың білімге деген құштарлығын жоғалтып алмау жағы қарастырылуда. 1-сыныпқа балғындар мүмкіндігінше мектепалды даярлықтан өтіп келгені дұрыс. Себебі оқу бағдарламалары күрделі, – дейді облыстық білім басқармасының орта білім бөлімінің басшысы Айдын Досыбаева.
Жаңа оқу жылына байланысты әлеуметтік желілерде тараған жаңалықтың бірі оқушы 45 сағат сабақтан қалса, сыныпқа қалдырылатыны болды. Бірақ Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру департаментінің директоры Шолпан Каринова бұл мәліметті жоққа шығарып отыр.
Оның айтуынша, келесі жылға қалдыру шешімі тек оқушының оқу үлгеріміне ғана байланысты қабылданады екен.
Бүгінге дейін әрбір мектепте төрт жыл сайын кітап жаңартылып келді. Енді оқулықтар Білім стандарттарына, оқу бағдарламаларына өзгерістер енгізілген жағдайда, оқушы санына байланысты сатылып алынады.

Ардақ Үсейінова

Leave A Reply

Your email address will not be published.

микро займ на карту