- Advertisement -

Жаужүрек

142

- Advertisement -

Қазақ ішетін сусынын да әзірлеу
кезінде денсаулыққа пайдалы жағын ойлаған.
Асты баппен, ұзақ дайындап, оның құнарлылығына баса мән берген халқымыз «Ас – адамның арқауы» деп бекер айтпаған. Баланың дені сау болып өсуі үшін дене жаттығуларынан бөлек нәрлі тағамдардың тигізер септігі мол деп есептеген.
Сондай тағамның бірі – жаужүрек. Ол жаңа сойылған қойдың бауырынан жасалатын тағам.
Оны дайындау үшін қойдың шарбы майы, алдын ала сүтке жібітілген бауыр керек. Ең алдымен бауырды бөлшектеп, шарбы майды төртбұрыштап тураймыз. Бауырға тұз, сарымсақ, бұрыш сияқты түрлі дәмдеуіштер қосып араластырамыз.
2-3 минут өткен соң ол шарбымен әдемілеп оралады. Оралған шарбы май жазылып кетпес үшін жіңішке істікпен шаншып қоямыз.
Барлығы бекітілгеннен кейін отқа қыздырылған майсыз табаға салып қуырамыз. Жаужүрек шарбының өз майымен пісетіндіктен екі жағын үздіксіз аударып отыру керек.
Басқа малдардың бауырына қарағанда қойдың бауырында гепарин элементі көбірек болатындықтан жаужүрек жүректі қуаттандырып қана қоймай, жүрек талмасына ем болады екен.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support