- Advertisement -

Мүмкіндігі шектеулі, қабілет-қарымы шексіз

688

- Advertisement -

Кітапхана ұжымы Зүлфия Ғабидуллинамен кездесті

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Паралимпиада ойындарының чемпионы, республикалық «Жүз жаңа есім» жобасының жеңімпазы Зүлфия Ғабидуллина облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұжымымен және оқырмандармен кездесті. «Өмірге құштар жандар» атты бұл шара кітапхана оқырманы Әнуар Өтеуіловтің әсем әнімен ашылды.
Мұнан соң спортшы өзінің өмір жолы және спортқа қалай келгені туралы әңгімеледі. Бұл шараға тоғызқұмалақ ойынынан ел чемпионы Бекзат Таласбаев та шақырылыпты. Мүмкіндігі шектеулі Бекзаттың спортқа келгенде қарымы бөлек екен. Ол өзінің жастайынан тоғызқұмалаққа бейім болғанын, табандылықпен ірі жеңістерге қол жеткізгенін айта келіп, жастарды отаншыл болуға, ішімдік пен темекіге жоламауға шақырды. Кейіннен Сағынкүл Шадырқұлова, Мая Әзімқұлова ән айтып, көпшілікке жақсы көңіл күй сыйлады. Сұрақ-жауап кезеңінде Зүлфия мен Бекзатқа қойылған сұрақтар аз болмады. Кітапхана қызметкерлері Тұрсынкүл Базарбаева, Фарида Медерқұлова, Қарлығаш Битөриева, оқырман Ербол Бегімов түрлі сауалдар қойып, спортшылар өмірінен көп нәрсе білгісі келетіндерін аңғартты. Олар қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.
Шара соңында аталған кітапхана директорының міндетін атқарушы Нұржаһан Керімбекова мен әдіскер Фарида Медерқұлова ұжым қызметкерлері және оқырмандар тарапынан екі спортшыға алғыстарын айтып, сый-құрмет көрсетті.

Есет ДОСАЛЫ

Суретті түсірген
Юрий КИМ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support