- Advertisement -

Шекарашылар велошеруге қатысты

702

- Advertisement -

Қазақстан Республикасы ҰҚК шекара қызметінің құрылуының 26 жылдығына орай шекара қызметінің барлық әскери бөлімдерінде «Шекара және денсаулық» атауымен спорттық шаралар өткізілуде.
Салауатты өмір салтын насихаттау шекарашылар үшін басты мақсат екені айтпаса да түсінікті. Тараз шекара жасағының шекарашылары «Талас» шекара комендатурасының шекаралық шебі арқылы веложарыс ұйымдастырды. Велошеруге қатысушылар дода көркін қыздырып бақты. Бірнеше шақырымға созылған велошеру тартысқа толы жағдайда өтті.
Шын мықтылар сынға түскен велошеру қорытындысында келісімшарт қызметінің старшинасы Ж. Махамбетжанов мәре сызығын бірінші болып кесіп, нағыз бабында екенін көрсетті. Мұндай спорттық шаралар шекарашы-жауынгерлердің физикалық дайындығын үстемелей түсетіні сөзсіз. Сондықтан осындай додалардың алдағы уақытта да ұйымдастырылып тұратыны анық.

Айнұр Жапбарова,
№2035 әскери бөлімінің аға офицері, аға лейтенант.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support