- Advertisement -

Абай салған дара жол

986

- Advertisement -

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 173 жыл толуына орай Тараз қалалық «Жас Отан» жастар қанаты «Абай салған дара жол» атты квест ойын ұйымдастырды.
Ойынға алты топқа бөлінген 24 жеткіншек қатысты. Олар сегіз бекетті аралап, Абай Құнанбайұлы жазған өлең жолдарын іздеуі тиіс. Топ жетекшілеріне карта және бекеттерден өту құжаты берілді. Әр бекетке ұйымдастырушы тарапынан өкілдер тағайындалып, олар қатысушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығынан сұрақтар қойып отырды.
Мұнан соң барлық қатысушылар Абай атындағы қалалық орталық кітапханада бас қосып, ойынды әрі қарай жалғастырды.
Ойын шартын түгел орындаған Нұрдәулет Серік, Гүлзат Дүйсенова, Еркеназ Әжітбек, Жұлдыз Абзалова құрайтын «Жас алаш» тобы жеңіске жетті.
Шара барысында қалалық орталық кітапхана директоры Роза Бостайқызы ақынның өмір жолына және шығармашылығына тоқталып, жастарды таным тереңіне жетелей түсті.
Облыстық «Жас Отан» жастар қанаты төрағасының орынбасары Бақкелді Тұрсынбек пен Тараз қалалық «Жас Отан» жастар қанаты басшысының міндетін атқарушы Бақытжан Құтжан жеңімпаз топты және қатысушыларды марапаттап, оларға диплом және бағалы сыйлықтар тапсырды.

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support