- Advertisement -

«Сәбидің бәрі бақытты болу үшін жаралған…»

402

- Advertisement -

Келешегіміз кемел болсын десек, балаларға жақсы тәрбие, сапалы білім бергеніміз абзал. «Нұр Отан» партиясының бастамасымен өткізілетін «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» партиялық жобасының мәні де осында.
Жыл сайын жаңа оқу жылы басталарда партиялық жоба шеңберінде әр өңірде «Балаларды мектепке даярлаймыз» атты республикалық қайырымдылық акциясы өткізіледі. «Нұр Отан» партиясының Тараз қалалық филиалы соның аясында қала маңындағы саяжайларда, бөлімдерде, фермаларда қадағалаусыз жүрген және панасыз қалған жеткіншектерді, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан шыққан оқушыларды анықтау мақсатында рейд ұйымдастырды. Алғашқы тексеріс «Құмшағал» және «Шөлдала» шағын аудандарында жүргізілді.
Рейд барысында бірнеше отбасына барған топ өкілдері мектеп жасындағы балалары болса, демеушілерді тарту арқылы киім-кешек, құрал-саймандарын алуға көмек берілетінін түсіндірді. Біз бас сұққан шаңырақтардағы балалардың басым бөлігі әкесіз өсіп жатқан көрінеді. Ал көп балалы аналардың дені жұмыссыздар қатарында екен. Содан болар, олар қолұшын созып, көмектесеміз деген ұсыныстан бас тартпады.
Базардағы баға ырық бермей ме, жұмыссыздық қолды байлай ма, қазір намысқа тырысып, көмектесеміз дегендерден ат-тонын ала қашатындар азайған. Тиісті мекемелерден қатысқан мамандардың да пікірі осыны растап отыр. Олардың айтуынша, қазір жағдайы бар бола тұра, материалдық көмек алсам деп келетін жандардың қарасы басым.
Осындайда қолымыздан келген жұмысты иіріп әкетіп, бауыр етіміз балаларымызды көрінгенге жәутеңдетпей, балдырғандарға жақсы үлгі көрсетсек, дегің-ақ келеді.

Альмира Омарова

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support