- Advertisement -

Қордайда пайда болған қарақшылар жазасыз қалмайды

450

- Advertisement -

Соңғы уақытта Қордайда орын алған қарақшылық шабуылдар жұртты дүр сілкіндірді. Осы қылмыстардың әсерінен әлеуметтік желі арқылы тараған түрлі қауесет жағдайды біршама ушықтырғаны да жасырын емес. Осыған байланысты облыс прокуроры Ибраһим Иманов, облыстық ішкі істер департаментінің басшысы Арман Оразалиев, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Құрманғали және аудан әкімі Болатбек Байтөле аудан тұрғындармен кездесті.
Жиында Ибрагим Иманов тұрғындардың шағымын мұқият тыңдап, қарақшылық деректерге қатысты қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатқанын айтты. Осы ретте прокурор жалпы аудан және облыс көлемінде қылмыстың өткен жылдармен салыстырғанда төмендеп жатқанын тілге тиек етті.
Қазіргі кезде облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Арман Оразалиевтің тапсырмасы бойынша қарақшылық шабуылдарды ашу үшін ішкі істер департаментінің тәжірибелі және білікті қызметкерлерінен арнайы топ құрылған, тергеу жұмыстарын өз бақылауына алғанын жеткізді.
Сондай-ақ жергілікті тұрғындар айтып жүрген «қылмыскерлер жәбірленушілердің құлақтары мен саусақтарын кесіп, ерекше белгі қойып қорлады» деген сыбыс та шындыққа жанаспайды. Сол себепті департамент осындай жалған ақпарат таратқандар тиісті жауапкершілікке тартылатынын ескертті.
Ал Болатбек Байтөле қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін таяуда Қордай ауылында 18 бейнекамера орнатылатынын, учаскелік инспекторлардың жұмысын оңтайландыру мақсатында 35 планшет, 35 принтер және 19 компьютер сатып алынатынын жеткізді. Сонымен қатар учаскелік инспекторларға көмекші ретінде 19 ерікті жасақшы қызмет ететінін тілге тиек етті.
Кездесу соңында сот алды тергеп-тексеру барысында бұқаралық ақпарат құралдарына тергеу құпиялылығы ескеріліп, қосымша ақпарат берілетіндігі айтылды.

Қордай ауданы.

«Aq jol-Аqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support