- Advertisement -

Әзірге әр ауданнан бір ауылдық округ

381

- Advertisement -

Ұлттық экономика министрлігінің 2016 жылғы 2 ақпандағы №54 бұйрығына сәйкес жүргізілген әлеуметтік-экономикалық даму мониторингісінің қорытындысы бойынша облыстағы елді мекендердің 104-і жоғары, 252-сі орташа, 17-сі төмен әлеуетті екені анықталды. Олардың көпшілігінде (33,5 пайызында) халық саны 500 адамнан кем. Ал тұрғындарының саны 500 адамнан көп ауылдық елді мекендерде 642865 адам (жалпы көрсеткіштің 66,5 пайызы) тұратыны нақтыланып отыр.

Жалпы ел тарихында қалалардың ауылдарға қарағанда қарқынды дамытылғаны белгілі. Ал ауыл мен қала арасындағы алшақтықты азайтып, теңестіру үшін дамыту және қолдау қажет-ақ. Осыған орай Елбасының биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауында ауылдық елді мекендерде өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншікті енгізуді тапсырды. Бұл өзгеріс 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап аудандық маңыздағы қалаларда, тұрғындар саны 2000 адамнан асатын ауылдар мен ауылдық округтерде іске асырыла бастады. Ал 2020 жылдан бастап бұл норма барлық елді мекендер бойынша енгізілетін болады.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, ауылдық округ әкімі қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында облыс әкімінің 2018 жылғы 28 маусымындағы №107-ө өкімімен 4-деңгейлі бюджеттің енгізілуіне байланысты қанатқақты жоба ретінде әр ауданнан бір ауылдық округ тізбесі белгіленді.
Осыған байланысты облыстағы 373 елді мекеннің 85,0 пайызы агроөнеркәсіп өндірісімен айналысатындықтан, тізімде бекітілген ауылдық округтерді әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін өнеркәсіп және ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы әзірленді. Онда сүт өңдейтін фермалар, бордақылау алаңдарын, мал сою пунктерін, көкөніс сақтау орындарын, наубайханалар мен қымызбен емдеу сауықтыру орталығын ашу, интенсивті бақтар құру, қайта жаңғырту және кеңейту, қант қызылшасы алқабына тамшылатып суару жүйесін орнату, ауыл шаруашылық комбайндарын құрастыру зауытын салу, құмблоктар өндірісі бойынша құрылыс бизнестерін қалыптастыру, «АмангелдіГаз» ЖШС аймағының газ-кен орнында ұңғымалар ашу бойынша шағын және орта бизнестің инвестициялық жобалары мен шаралары қарастырылған.

Облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support