- Advertisement -

Финалдық шайқас Қытайда өтеді

416

- Advertisement -

Бүкіләлемдік бокс сериясының финалдық шайқасы Қытайда өтеді. Бұл туралы кубалық «Juventud Rebelde» басылымы хабарлады. Дереккөзге сүйенсек финалдық кездесу 30 қарашаға жоспарланған.
Бұған дейін «Астана арландары» мен «Куба қабыландары» арасындағы финалдық кездесудің Қытай немесе Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетіні хабарланған болатын. Ұйымдастырушы тарап бейтарап елді таңдауды мақұл көргені белгілі. Олардың айтуынша, екі команда арасындағы шайқас Қазақстан, Куба елдерінде өткен жағдайда шаршы алаң қожайындарына басымдық берілуі ықтимал. Сол себепті бейтарап елді таңдау туралы шешім қабылданған.
Бұған дейінгі жеті маусымның үшеуінде жеңімпаз атанып, төрт мәрте жүлдегерлер қатарынан көрінген «Астана арландары» осы маусымда төртінші мәрте топ жаруды көздеп отыр. Ол туралы клубтың басшысы Бақтияр Артаев, команданың бас бапкері Нұрлан Ақүрпеков те айтып өткен болатын.
Әзірге бүкіләлемдік бокс сериясы жобасын ұйымдастырушылардың ресми сайтында жоғарыдағы мәлімет жарияланған жоқ. Тіпті олардың әлеуметтік желілердегі парақшалары мен ресми сайты мамыр айынан бері жаңартылмаған. Дегенмен кубалық басылым қандай да бір дерекке сүйеніп жазып отырғаны аян.
Бүкіләлемдік бокс сериясы жобасында зор жетістіктерге қол жеткізіп жүрген «Астана арландары» командасы сапында бірнеше жамбылдық боксшы сынға түсіп жүр. Олардың қатарында 60 килограмм салмақ дәрежесіндегі Әлімжан Бескемпір, 69 килограмм салмақта Асланбек Шымбергенов, 75 килограмм салмақта Әбілхан Аманқұл, 91 килограмнан жоғары салмақтағы алыбымыз Нұрсұлтан Аманжолов бар. Аты аталған былғары қолғап шеберлері «Астана арландарының» бірқатар шайқастарында өз қарсыластарын жеңіп, команданың жетістігіне тамаша үлес қосқан еді. Финалдық кездесуде де бірқатар жамбылдық боксшылар бақ сынайды деген үміттеміз. Олардан бөлек, ұлттық құраманың үздіктері де қолұшын беруі тиіс.

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support