- Advertisement -

«Жаңа көк кит»

456

- Advertisement -

Желіде өзіне қол жұмсауға мәжбүрлейтін вирус пайда болды

Интернетті шулатқан «Көк кит» вирусы бірталай жасөспірімнің өмірін қыршынынан қиғаны мәлім. Енді оның жаңа түрі шыққаны туралы таралған ақпарат көпшілікті дүр сілкіндірді. WhatsApp-та Момо есімімен танысып, өлімге итермелейтін адам пайда болды деп жазады NUR.KZ.
Испания елінде танылып үлгерген «Момо» әлеуметтік желіде адаммен танысып, оны қорқыта бастайды. Дәл «Көк кит» іспетті ол да сөйлесушінің мекен-жайы мен жеке мәлімет­терінен хабардар екенін ескертеді.
Сондай-ақ жантүршігерлік тапсырма беріп, адамды өз-өзіне қол жұмсауға бұйрық та беретіні анықталды.
Ең қызығы, бұл вирус жазып отырған адамның тілінде сөйлеседі екен. «Момо» Испания және Аргентина елдерінде кең қанат жайған. Бұл мемлекеттерде, тіпті адам өлімі орын алып, марқұмның ең соңғы сөйлескен адамы «Момо» болып шыққан.
Әзірге бұл вирусты ойлап тауып, бөтен адамдардың өміріне қауіп төндірумен айналыса­тындардың кім екені анықталған жоқ.
Полицейлердің айтуынша, олар адамның ұялы телефоны арқылы ол туралы барлық ақпарат пен нақты мекен-жайын біліп алады.
Бұл вирус желіде қызу талқыға түсіп, өзге ел азаматтарын біраз алаңдатып қойғаны рас. Көпшілік «Момо» туралы ақпаратты таратып, барынша басқа адамдардың хабардар болуына өз септігін тигізуде. Олар мұны басқаларды алдын ала құлағдар етіп, қауіпке төтеп беру үшін дайын болсын деп жасап жатқанын айтуда.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support