- Advertisement -

Ұлттық бюрода ауыс-түйіс: 9 департаментке жаңа басшылар тағайындалды 

188

- Advertisement -

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюрода тағайындаулар жүргізді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомcтвоның ресми өкілі Нұрлан Жахинның айтуынша, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы департамент басшылары ауысты.

Ұлттық бюроның Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы болып Нығмеджан Сапаров тағайындалды. Ол осыған дейін  Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментті басқарған.

Жамбыл облысы бойынша департаменттің басшысы болып Әділхан Әшірбаев тағайындалды, осыған дейін Қызылорда облысы бойынша департаментті басқарған.

Қарағанды облысы бойынша департаменттің басшысы қызметіне Денис Шакенов келді. Шакенов мұның алдында Павлодар облысы бойынша департаментті басқарған.

Қостанай облысы бойынша департаменттің басшысы болып Сергей Потанин тағайындалды. Ол осыған дейін Шығыс Қазақстан ойынша департаментті басқарған.

Маңғыстау облысы бойынша департаменттің басшысы қызметіне Елдос Сағиев келді. Сағиев мұның алдында Қостанай облысы бойынша департаменттің басшысы болған.

Павлодар облысы бойынша департаменттің басшысы болып Ержан Ибраимов тағайындалды. Ол мұның алдында Алматы бойынша департаменттің басшысы болған.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменттің басшысы қызметіне Құрмаш Сейітбеков келді. Сейітбеков осыған дейін Алматы бойынша департаментті басқарған.

Шымкент бойынша департаменттің басшысы қызметіне Мұрат Қарымсақов келді. Ол бұған дейін Жамбыл облысы бойынша департаментті басқарған.

Түркістан облысы бойынша департаменттің басшысы болып Нұрлан Қамбатыров тағайындалды. Қамбатыров осыған дейін ОҚО бойынша департаменттің басшысы болған.

«Бір лауазымда ұзақ мерзім жұмыс атқарудың еңбек өнімділігін төмендетіп, қызметкердің ой-өрісінің бір учаскісінің шеңберімен шектеліп қалатындығын, сонымен қатар өз іс-әрекетін жаңа әдістермен және формалармен толықтыра алмайтындығы дәлелденді. Қызмет орындарын ауыстыру жағдайды салыстыру және жаңа ахуалға тез бейімделуге мүмкіндік жасайды. Сонымен ротация, жершілдік элементтерін жоюдың кепілі, тар шеңбердегі кәсіби мүдделер бірлескен мүдделерге қарама-қарсы қойылатын кезде, жоғары буын басшыларын дайындау бағдарламасында міндетті элемент болып табылады. Ол әлеуметті ашудың жаңа мүмкіндіктерін қалыптастырады және ол әлеуетті қалыптастыру уәждемесі үшін басымдық береді», — делінген хабарламада.

tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support