- Advertisement -

«Меркі – Шу – Бурылбайтал» автожолының құрылысы басталады

372

- Advertisement -

Қай қоғамда болсын жол мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Жол азабын тартып жүрген жолаушылардың жанайқайын билік те назардан тыс қалдырмайды. Өңіріміздегі республикалық маңызы бар, жалпы ұзақтығы 266 шақырымды құрайтын «Меркі – Шу –Бурылбайтал» автомобиль жолының сапалы жөндеуден өтуін көпшіліктің көп күтіп жүргенін де білеміз.
Өңірлік коммуникациялар қызметі жүргізген мониторингте оқырмандар тарапынан жиі қойылатын сұрақтар ішінде осы «Меркі –Шу – Бурылбайтал» автомобиль жолының құрылысы жиі көтеріледі. Жуырда ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек «Орталық коммуникациялар қызметі» алаңында өткізген баспасөз мəжілісінде осы сауалға байланысты нақты жауап берді.
Басқосу барысында Жеңіс Махмұдұлы «Меркі – Шу – Бурылбайтал» автомобиль жолының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу 2017 жылдың соңында басталғанын, сондай-ақ ағымдағы жылдың тамыз айында толық масштабты құрылыс жұмыстарын бастау жоспарланып отырғанын айтты.
– Бұл жобаны реконструкциялау жұмыстары 2021 жылы аяқталады. Оны орындау арқылы жолдардың жақсы және қанағаттанарлық үлесін 90 пайызға дейін жеткізу жоспарланған.
Аталған автомобиль жолы «Астана – Алматы» бағытындағы Орталық-Оңтүстік дәлізінің бір бөлігі болып табылады және еліміздің оңтүстік аймақтарымен байланыс орнатуды қамтамасыз етеді.
Қазіргі таңда Астана-Теміртау, Алматы-Қапшағай учаскелері реконструкцияланды, Құрты-Бурылбайтал учаскесін реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Биылдан бастап Балқаш-Бурылбайтал учаскесін, ал 2019 жылы Қарағанды-Балқаш учаскесін бастаймыз. Жұмыстар 2021 жылы толық аяқталады, – деді Инвестициялар және даму министрі.

«Aq jol-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support