- Advertisement -

Өте құнды, сәтті аударма

575

- Advertisement -

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының аясында қазақ тіліне аударылған Алан Барнардтың «Антропологияның тарихы мен теориясы» атты оқулығын оқып шықтым. Кітаптың көлемі 239 бетті құрайды. Кітап кіріспеден, қорытындыдан, он бөлімнен, екі қосымшадан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде антропология ұғымына, бірінші бөлімде антропологияның анықтамаларына талдау жасалады. Ал екінші бөлімде антропологиялық дәстүрдің алғышарттарына қысқаша зерделеген. Қалған бөлімдерінде эволюционизм, диффущионизм, мәдени аймақтар, функционализм, құрылымдық функционализм теориялары мен іс-әрекетке негізделген, процессуалды және марксистік көзқарастарға, сондай-ақ релятивизм және оның түрлеріне, структурализм, постструктализм, интерпретациялық және постмодернисиік әдістерге тоқталады.

Осы кітапты аударған Ұлттық аударма бюросының ұжымына, әсіресе аудармашыға үлкен алғысымды білдіргім келеді. Жиырма жылдан астам адам проблемасымен шұғылданып келе жатқан маман ретінде мынаны айта кеткім келеді. Антропология ұғымы Қазақстанға 90-жылдардың ортасында келді. Оған дейін этнография, археология деген терминдер қолданылып келді. ЖОО-да философиялық антропология, мәдени антропология, кейіннен діни антропология деген пәндер оқытыла бастады. Ең бастысы тұңғыш рет 2013 жылы докторантураға арнайы пән ретінде сол кездегі Нұр-Мүбарак ЕИМУ-нің ректоры, доктор М.Ф.Хижази «Діни антропологияның тарихы мен теориясы» деген пән енгізді.

Міне, содан бері осы пән бізде оқытылып келеді. Сондықтан бұл кітап біз үшін өте құнды. Аударма сәтті шыққан. Тілі жатық. Кітап авторы Алан Барнард қысқа да нұсқа антропологиядағы теорияларға, ондағы теория авторларының көзқарасына қысқаша тоқталып, салыстырып, соңында қорытынды жасайды. Бізге бұл теориялар мен идеялар бұрыннан таныс болғандықтан, кітапты оқып шығу қиындық туғызған жоқ. Керісінше, көптеген теорияларды салыстыра талдауға көп көмегін тигізеді. Кітаптың соңында 200-ден астам ойшылдың тізімі, әдебиеттер тізімі және глоссарий берілген. Кітап өте құнды. Сәтті аударма.

Базар Хамзеева, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Дінтану кафедрасының доценті, ф.ғ.к.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support