Полицияға 6 граната өткізді

Халықтан тіркелмеген қару қабылдау акциясы барысында 28 жастағы Тараз тұрғыны полицияға алты граната өткізді.

«Полицияға келген азамат өз үйінің гаражынан ескі заттардың арасынан алты граната тауып алғандығын хабарлады», – дейді қалалық ІІБ 3-ПБ-нің бастығы Сәбит Мамытбеков. Қару жатқан орынға барған ҰҚҚК қызметкерлері, «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімі, криминалистер мен анықтаушылар оның РГД-5 жауынгерлік гранатасы екендігін анықтады. Қазіргі уақытта табылған қару сараптамаға жіберілген. Полиция бөлімшесі бастығының айтуынша, ерікті түрде қаруларын өткізгендер қылмыстық жауапкершіліктен босатылып қана қоймайды, заңға сәйкес сыйақыға да ие болады.
Ал, гаражға граната қайдан келген десек, еріктінің әкесінің марқұм досы бірнеше жыл бұрын үйіне граната салынған қапшықты өзге де заттармен қосып әкеп тастаған екен. Жас жігіттің айтуынша, заттардың арасында граната бар деген ой қаперіне де кірмеген, ал, әкесінің аңшы жолдасы балық аулауда жарылғыш құрылғыны пайдаланған болуы мүмкін.

Шынар САҒИЕВА,
«Ақ жол».

Comments are closed.

микро займ на карту