- Advertisement -

Жамбыл облысында апатқа байланысты кешіккен пойыз жолаушыларына өтемақы төленеді

168

- Advertisement -

АСТАНА. ҚазАқпарат — Жамбыл облысында жүк пойызының рельстен шығып кетуіне байланысты қажетті жеріне жете алмай қалған 5 пойыздың жолаушылары өтемақы алады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Хабар24.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК хабарлады.

Айта кетейік, апат бүгін таң ата Мойынты-Шығанақ теміржол бағытының Қашқантеңіз-Жастар аймағында болды. Төтенше жағдайға вагондардың бірінің бүйіріндегі рамасының сынуы себеп болған. Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ. Оқиғаны тергеу жұмыстарымен арнайы комиссия айналысады. «Темір жол көлігі туралы заңға сәйкес, пойыздың шығу кестесінен кешігуіне байланысты пойыз жолаушылары өтемақы алады. Оқиғаның басты себебі «Иском Транс» ЖШС-ның жеке меншігіндегі пойыз вагонының бүйіріндегі рамасының сынуы себеп болып отыр. Белгіленген заң тәртібіне сәйкес, келтірілген шығындардың барлығы жүк вагонының иесіне артылады»,-деді «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамының пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі басқармасының төрағасының міндетін атқарушы Марат Шәкенов.

ақпараткөзі:kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support