- Advertisement -

Желдібаевтың күйі, Норкиннің фотосурет тері, Қалидың туындысы…

204

- Advertisement -

Шулықтар бас қалаға тарту жасады

Аудандық Мәдениет үйінде Астана қаласының 20 жылдығына орай «Ел жүрегі – Астана» атты мәдениет және өнер күні өтті. Мереке жас домбырашылардың орындауындағы «Ерке сылқым» күйімен, көпшілікке бауырсақ және қымыз ұсынып күтіп алуымен бастау алды.
Қонақтар ауданның этно-мәдени орталықтарының көрмелерін және Мәдениет үйі алаңында «Ерке сылқым», «Көркем-ай» би топтарының «Әлқисса» күйіне қойылған биін тамашалады. Сондай-ақ тұсаукесер рәсіміне куә болды. Мәдениет үйі алаңында шеберлер қалашығы жасақталып, жергілікті қолөнер шеберлері суретші-мүсінші, республикалық, халықаралық конкурстардың жүлдегері Қали Қораласбаевтың, суретші Бақытжан Малдыбаевтың, ағаш ұстасы Бауыржан Жақсыбаевтың туындылары ұсынылды.
Мәдениет үйінің ішкі фойесіне аудандық «Шу өңірі» газетінің фототілшісі Петр Норкиннің суреттері, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітап көрмесі қойылды.
Мәдениет үйінде өткен «Ел жүрегі – Астана» атты кеш «Шу қахан» театрының «Төле би баба» атты театрландырылған қойылымымен басталып, «Шу еркесі» халықтық ән-би ансамблінің, «Әсем әуен» фольклорлық тобының және басқа да көркемөнерпаздардың шығармаларына ұласты. Сонымен қатар жергілікті композиторлардың, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер Әбдімомын Желдібаевтың, мәдениет қайраткері Бақыт Исаеваның туындылары ұсынылды. Белгілі жыршы-термеші Аяз Бетбаевтың да әндері шырқалып, мәңгілік мұралары елмен қауышты.
Мәдениет және өнер күніне жиналған көпшілік жылжымалы сахнада ауыл өнерпаздары Астана жайлы патриоттық әндер шырқады.
Іс-шара жастардың «Алтыбақан» ойынымен және би кешімен жалғасты.

Есет ДОСАЛЫ

Шу ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support