- Advertisement -

Күндіз көз шырымын алыңыз

268

- Advertisement -

Түскі ұйқы адамның денсаулығы үшін өте пайдалы. Макс Плэнк институтының ұйқыны зерттеу бөлімінің мамандары мен психологтары осылай дейді. Олар «күні бойы у-шудың ортасында жүрген немесе қат-қабат жұмыспен «арпалысқан» адамның түскі үзілісте 20 минут көз шырымын алғаны жөн» дейді. Арнайы зерттеулер түскі ұйқы адамның жүрек, ми, барлық дене ағзаларын реттейтін табиғи ем екенін дәлелдепті.
Ұйқы зерттеушісі Жим Хорне доктор Заллей бұл тұжырымға келмес бұрын бірнеше адамға зерттеу жүргізген. Сонда дененің белгілі орталықтарына жабыстырған құрал түсте тынығып алған адамның ойы ұшқыр, қабілеті жоғары болатынын, кешке дейін сергек жүретінін, көп ашуланбайтынын көрсеткен. Негізі түстен кейін сағат екі мен төрт арасында дене температурасы ең жоғарғы деңгейге жеткен кезінде адам шаршайды, бұлшық еттері босаңсиды. Түрлі қателіктер, жауапсыздық, тапсырманы ұмыту сияқты жағдайлар осы кезде көбейетіні дәлелденген. Жол қазасының 23 пайызы осы мезгілде болады екен. Мамандар ең үлкен тәуекел иелері: ұшқыш, дәрігер, кезекшілердің түскі уақытта кішкене көз шырымын алса, қатердің болу қаупі азаятындығын байқаған. Өйткені жарты сағаттық түскі ұйқы екі сағаттық түнгі ұйқыға тең көрінеді. Мұның барлығын таразылай келе ғалымдар «Түнгі ұйқыға қарағанда күндіз көз шырымын алу анағұрлым пайдалырақ» деген тұжырымға келіпті. Олар бұл әдетті жыл маусымына қарамастан жалғастыру керек деген пікірде.
Батыс ғалымдары уақыт пен қаражат бөліп, арнайы қондырғылармен зерттеу жүргізіп, ғылыми түрде дәлелдеп шыққан бұл тұжырым мұсылман қауымына әлдеқашан-ақ белгілі. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) түнде тұрып намаз оқу үшін үмбетіне күндізгі уақытта түс кезінде көз шырымын алу керектігін аманат еткен. Өзі де үнемі түс кезінде көз шырымын алатын болған.
Ендеше, мүмкіндік болса, 20 минут тынығып алыңыз.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support