- Advertisement -

«SOS медициналық жүйесі» іске қосылды

308

- Advertisement -

Елімізде науқастар мен қызметкерлерге арналған инновациялық қауіпсіздік технологияларын құру мақсатында «SOS медициналық жүйесі» жобасы қолға алынғаны белгілі. Аудандық орталық ауруханада аталмыш жоба 2017 жылдан бері жұмыс істейді. Жоба 3 ғимаратты, 5 бөлімді қамтиды. Мұнда шамамен 50 науқас дербес SOS білезіктерін пайдаланады. Өткен жылдан бері 30-дан аса аурухана қызметкері осы жоба бойынша арнайы оқуға жіберілген болатын.
Жуырда аудандық емханада терроризм қаупінің алдын алу мақсатында және «Терроризмге қарсы іс-қимыл» туралы Заңға сәйкес «SOS медициналық жүйесі» жобасының шеңберінде аудандық орталық ауруханамен бірлесе отырып, «Антитеррор» қанатқақты жобасын іске қосты. Оның ашылу рәсіміне аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Алтай Саурықов, аурухананың медициналық қызмет апаты және төтенше жағдай басшысы Елемес Тәжікеев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Дәулет Ахметбеков, жоба жетекшісі Нұртуған Мұхамедалиев, полиция лейтенанты Мұхтар Ахаев қатысты.
– «VIENNA» ЖШС-мен бірлесе әзірлеген «SOS медициналық жүйесі» жобасының шеңберінде «Антитеррор» пилоттық жобасын іске қосу жөнінде шешім қабылдадық. Аталмыш жобаның тиімділігі – террористік қауіп орын алған кезде қашықтан басқарылатын SOS нүктесін басқаннан кейін бірнеше секунд ішінде аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне бірден қоңырау түседі. Сонымен қатар қызметкерлерге де дабыл жүйесі орнатылған арнайы білезіктер таратылатын болады. Сол арқылы террористік қауіптің алдын алу жеңілдей түспек, – дейді Елемес Тәжікеев.

Дүйсенбек ОРМАНОВ,
журналист.

Жамбыл ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support