- Advertisement -

Облыс кино орталығы «сағым» фильмін түсіруді бастады

278

- Advertisement -

Облыстық кино орталығы жас режиссер Елжан Жармахамедовтің «Сағым» толықметражды көркем фильмін түсіруді бастап кетті. Бұл фильмнің жарық көруіне облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы қолдау білдіріп отыр.
«Сағым» көркем фильмінде бүгінгі таңда асыл дініміздің атын жамылып, бейбіт өмірді құрдымға жіберуге әрекет еткен бөгде ниеттегі топтың іс-әрекеттері шынайы бейнеленеді. Сондай топтарға сауатсыздықпен алданып, өкініштен өзегі өртенгендер де нақты, боямасыз көрініс таппақшы. Әрине, мұндай фильмдер бүгінгі жастарға, әсіресе оқу іздеп қалаға алғаш келген кейінгі толқынға сабақ болатыны анық. Бұл фильмде негізінен облыстық қазақ драма театрының актерлері ойнайды. Фильм көпшілік көңілінен шығады деген сенім бар. Себебі қоғам жастарды теріс жолдан сақтандыратын дәл осындай мазмұнды дүниелерге мұқтаж.
Жақында «Сағым» көркем фильмін түсіруші топ Қарахан кесенесіне зиярат етіп, құран бағыштады.
– Осылайша, жаңа фильм жарыққа шықпақшы. Түсірілім барысына еш кедергі жоқ. Киносүйер қауымның жақсы туындымен қауышатынына күмәніміз кем. Біз одан кейін де бірқатар фильмдерді жарыққа шығаруды көздеп отырмыз, – дейді облыстық кино орталығының директоры Сайлау Лесбаев.

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support