- Advertisement -

Шөлдаладағылар әлі біраз уақыт шөлдей тұратын сияқты

140

- Advertisement -

«Аq jol» газетінің 2018 жылғы 23 маусымдағы №72 санында жарық көрген «ХХІ ғасыр игіліктерінен шет қалған шағын аудан» атты мақалада қала іргесін мекендесе де газ бен ауызсулары жоқ, электр жарығы жиі өшетіні, темір жолға өткел салынбағаны жазылған болатын. «Тілшіге тығыз тапсырма» айдарымен жарық көрген мақаланың авторы – Амангелді Әбіл. Журналист мақалада Тараз қаласы әкімдігіне қарасты №11 аумақтық округіне жататын шағын аудандар мен саяжайлардағы бүгінде өзекті болып отырған мәселелерді қаузаған еді.

Осы мақалаға орай редакциямызға Тараз қаласы әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабайдан жауап келді. Хатта «Аq jol» газетінің 2018 жылғы 23 маусымдағы №72 санында жарияланған «ХХІ ғасыр игіліктерінен шет қалған шағын аудан» атты мақалада көтерілген мәселелерге байланысты мынаны хабарлаған: «Қазіргі уақытта Тараз қаласы әкімдігінің №11 аумақтық округі бойынша «Шөлдала» тұрғын алқабында 900 орындық мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Ол биыл қыркүйек айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.
«Құмшағал» стансасындағы ғимаратты 140 орынды балабақша ретінде қайта жабдықтау» жұмыс жобасы білім бөлімінде «қайта жабдықтау» бағдарламасының жоқтығына байланысты мемлекеттік сараптамадан бірнеше рет кері қайтарылды.
Газ мәселесі бойынша «Қызыл-Абад, Құмшағал, Шөлдала, Көлтоған» тұрғын алқаптарын және 28 саяжайды «көгілдір отынмен» қамтамасыз ету құрылысы» нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге бюджеттен 9 миллион теңге бөлінген. Бүгінгі таңда бастапқы деректер жинақталуда, құжаттар толық жиналғаннан кейін мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіледі.
Аталған округтерді электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында «Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан 26 миллион 750 мың теңге қаражатқа «қосалқы 35/10 кВ станциясын салу» жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде.
Жобалық-сметалық құжаттамалар толық аяқталғанда аталған шағын аудандар мен саяжайлардың электр энергиясымен қамтамасыз ету жобасына бастапқы деректер жинақталып, жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге қаражат бөлу үшін бюджеттен өтінім ұсынылатын болады». Қала әкімінің орынбасары осы мәселелерді атап көрсетіп, ауызсу бойынша жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге бюджеттен қаржы қарастырылмағанын мәлімдеп отыр.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support