- Advertisement -

Олжас Азия чемпионатында топ жарды

127

- Advertisement -

Жақында Калутара қаласында (Шри-Ланка) оқушылар арасында шахматтан өткен Азия чемпионатында жерлесіміз 7 жасар Олжас Кален бірден 3 медальді қанжығасына байлады. Олжас 7 жасқа дейінгі ұлдар арасында рапид, блиц, классика бойынша бақ сынасып, жалпы командалық есепте чемпион атанды.
Жарысқа 18 мемлекеттен 400 спортшы қатысқан. Айта кетейік, бұған дейін Олжас Кален Албанияның Дурос қаласында өткен әлем чемпионатында жақсы нәтиже көрсеткен. Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған жарыста екінші орынды еншілеген болатын. Шымкент қаласында өткен халықаралық жарыста да екінші орынды иеленді. Көптеген турнирде жеңімпаз атанып жүрген қаршадай Олжастың алдында әлі талай асқақ асулар тұр. Ел мен өңір намысын абыроймен қорғаған жерлесіміздің халықаралық бәсекелерде мемлекетіміздің намысын қорғап, биік белестерді бағындырарына сенеміз.
Олжас Тараз қаласындағы «Отважная пешка» шахмат мектебінің жоғары категориялы тренері, білікті Нұргүл Иланбековадан тәлім алады. №5 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының 1-сынып оқушысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support