- Advertisement -

Элиталы тұқым – мол өнім кепілі

221

- Advertisement -

Ауданда ақ егістен мол өнім алу үшін ауқымды шаралар қолға алынып, жүзеге асырылуда. Агроқұрылымдар егістікке суперэлиталы тұқым сіңіруге күш салды. Олар оны негізінен тұқым шаруашылығы мәртебесі бар «Сыпатай батыр» ЖШС-нан алуда. Қазір жергілікті ауа райына бейімделген, құрғақшылыққа төзімді жаңа сұрыптар жоғары өніммен қуантып отыр. Жаздық арпаның суперэлиталы «Айдын», «Жас өркен», «Жалғас», «Алатау» және «Сымбат» сұрыптарын өсірген «Сыпатай батыр» ЖШС олардың әр гектарынан орта есеппен 35 центнерден жоғары өнім жинауда. «Жылыбұлақ» ЖШС-да бұл көрсеткіш 25 центнерді құрауда. «Агростан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де тәлімі жерден тәуір өнім жинап жатыр.
Жалпы, биыл ауданда 42 мың гектар масақты дақыл орылып, бастырылады. Оның 19900 гектары күздік бидай, қалғаны арпа. Ауданда қазірге дейін 10 мың гектардан астам алқаптың егіні жиналып, әр гектардың өнімділігі орта есеппен 20 центнерден айналып отыр. Науқанға 167 комбайн қатыстырылуда. Агроқұрылым-дарда 60 мың тоннаға дейін астық сақтайтын қоймалар бар. Ірі шаруашылықтарда 14 механикаландырылған қырман тоқтаусыз жұмыс істеп тұр. Биыл ақ егістен жалпы 90 мың тоннаға жуық астық жинау көзделген. Оның 42 пайызы мал азығына жұмсалады. Отыз бес мың тоннасы сатылады, қалғаны тұқымдыққа қалдырылады. Қазір диқандарымыз таңның атысынан күннің батысына дейін астықты алқаптан табылып, өсірілген өнімді ысырапсыз жинап алуға күш салуда.

Садық Бұтабаев,
аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.

Меркі ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support