- Advertisement -

Асауды ауыздықтаған Фариза

141

- Advertisement -

«Бала кезден тартып мінсең ат жалын, Онда сенің көкірегің от-жалын», – деп ақиық ақын Төлеген Айбергенов жырлағандай, қазақ ежелден ер үстінде ер жетіп, ат жалында күн кешкен қайсар халық екендігі белгілі. Ұлдары – шетінен ауыздығын қарш-қарш шайна­ған асауды тізгіндеген жолбарыс жүректі, қыздары – жылқының жалынан тартып жуасытатын ер мінезді. Олардың ел басына күн туғанда ерлермен бірге жауға шапқан кезі де болған.

Кешегі қайсар қыздарымыздың көзіндей болған өжет аруларымыз бүгінде де бар арамызда. Сұрым ауылында туған Фариза – сондай сұлулардың бірі. Жамбылдықтар «көкпаршылар ауылы» деп атаған елді мекенде әр сенбі, жексенбі күндері көкпардың көрігі қызады. Тұлымшағы желкілдеген бала кезінен соны көріп өскен Фаризаның бойына да асауды ауыздықтайтын батылдық дарыған. Атқа мінгенде талғап жатпайды, шәлкес мінезді ме, жуас па, онысына қарамайды. Ерге қонған соң, тізгінді тарта ұстап, ауыздықпен алысқанын да әп-сәтте еркіне көндіріп алады. Бүгінде білікті маман атанып, облыс орталығында қызмет етіп жүрсе де ол демалыс сайын ауылға барып, жорға мініп, кең далада көсіле шапқанша асығады.
– Бала кезден ағалардың көкпар тартып, бәйге шапқанын көріп бойжеттік қой. Содан болу керек қыз болсам да атқа мінуге қызықтым. Ауылда тұрған соң төрт түлік ұстаймыз. Үйдегі жуас атқа мініп дағдыланған соң, асау тайға да мінген кезім көп. Қазақтың жігіттері атқа қонғанда рухтанып кетсе, қыздары асқақтап та ажарлана түседі, – дейді Фариза.

Сұрым ауылы,
Жуалы ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support