Қазақ анимациясы Португалиядағы фестивальде бақ сынайды

88

Еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы негізінде Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның туындысы «Күлтегін» атты толықметражды анимациялық фильм Португалияда өтетін халықаралық фестивальдің негізгі бағдарламасында бақ сынайтын болды.
14-15 қыркүйек күндері Португалияның Порту шаһарында бастау алатын өнер аламаны екінші мәрте ұйымдастырылғалы отыр. Фестиваль португалиялық және жаһандық фильмдерді кеңінен насихаттайды. Ұйымдастырушылар үшін басты мақсат – әлемге әйгілі киногер­лермен қатар жаңа есімдерді таныту.
– Ұлттық фильмнің тұсаукесері әлемдік деңгейдегі кинофестивальде орын алатынына бек қуаныштымыз. «Күлтегін» фильмі – бабаларымыздың жанқиярлық ерлігін, ауызбіршілігін, олардың тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрлерін дәріптейді. Күлтегін – тұтас дәуірдің тарихи тұлғасы. Сол себепті батыстық көрермендер қызыға тамашалайды деп сенемін. Қазылар алқасының да көңілінен шығып, жүлдегерлер қатарынан көрінеді деп ойлаймын, – дейді фильмнің режиссері Адай Әбілда.
Осынау туынды шілде айының басында Астана қаласында өткен ХІV халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің «Еуразия жүрегінде» атты байқаудан тыс бағдарлама­сында көрсетіліп, көрермендер тарапынан жоғары баға алған.

«Аq jol-Aqparat».

Leave A Reply

Your email address will not be published.

микро займ на карту