- Advertisement -

«Жаңа есімде» жас таланттар жарқырады

240

- Advertisement -

Облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты халық шығармашылығы орталығы мен «Jambyl» телеарнасы бірлесіп, «Жаңа есім – 2018» байқауын қолға алған болатын. Алдымен 27 наурыз бен 10 сәуір аралығында аудандар мен Тараз қаласында іріктеу кезеңі ұйымдастырылды. 19 маусым күні облыстық қазақ драма театрында облыстық деңгейде іріктеу кезеңі өткізілді.
Енді аталмыш өнер аламанының ақтық кезеңіне кезек келіп жетті. ҚР Мәдениет қайраткері, әнші-композитор Гүлнұр Өмірбаева, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Саят Медеуов, облыстық халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі Эльмира Дүтбаева бастаған қазылар алқасы жоба жеңімпаздарын анықтады.
Жобаға қатысқан жас таланттар ақтық кезеңде аянып қалмай бар өнерлерін ортаға салды. Нәтижесінде «Эстрада» аталымы бойынша сарысулық Мейіржан Омаров, «Дәстүрлі ән» аталымы бойынша меркілік Арайлым Қалдыбаева, «Музыкалық аспаптар» аталымы бойынша меркілік Әйгерім Әбдірашид жеңімпаз болып танылды. Жас таланттардың алдағы уақытта жасындай жарқырайтындығы талас тудырмайды.

Табиғат АБАИЛДАЕВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support