- Advertisement -

Қарақыстақтан су қоймасын салу керек

177

- Advertisement -

«Су – ырыс көзі». Кейінгі кезде ауа райы өзгеріп, қыста қар аз жауып, тау шыңдарындағы мұздақтардың азаюына байланысты ағын су тапшылығы айқын сезілуде. Бұл суармалы егіс көлемін ұлғайтуға үлкен кедергі келтіруде. Т.Рысқұлов ауданындағы Қарақыстақ, Жаңатұрмыс және Абай ауылдық округтеріндегі егіс алқаптары Қарақыстақ өзенінің суымен ылғалдандырылады. Алайда өзен суы диқандардың қажетін өтеуге жетпейді. Соның салдарынан Қарақыстақ ауылдық округінде қант қызылшасын – 66, жүгеріні – 20, картопты – 20 гектар ғана алқапта өсіруге мәжбүр болып отырмыз. Ылғал, әсіресе шілденің шыжыған ыстығында қасқалдақтың қанындай қат болатыны рас. Осы кезде су үшін егіншілер арасында болатын келіспеушілік те жыл сайын қайталанып тұрады.
Бұл тығырықтан шығатын жол жоқ емес. Ол үшін Қарақыстақ су торабының жоғарғы жағындағы шатқалдың түйісуге жақын тұсынан бөген салу керек. «Істің басы – ниет» дейді. Осы қолайлы орыннан құрылыс жүргізілсе, оның құны да қымбатқа түспейді. Қоймада қыста және көктемде 30-40 миллион текше метр су жинауға болады. Келешекте бөген салынып, іске қосылса, үш ауылдық округ аумақтарында суармалы егіс көлемін екі есеге ұлғайтуға мүмкіндік туар еді. Су қоймасын салу – шатқалда орналасқан Қарақыстақ су электр стансасы үшін де тиімді. Қуат өндіру үшін құбырда ағатын ылғал деңгейі жаздың соңына дейін төмендемейді. Құзырлы органдар біздің осы ұсынысымызды ескереді деген сенімдеміз.

Оразалы ТАНКЕЕВ,
Қарақыстақ ауылдық округінің әкімі.

Т.Рысқұлов ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support