Астанада Жамбыл облысының мәдени күндері басталды

109

Шілденің 12-13 күндері Астанада Жамбыл облысының мәдени күндері өтеді. Бұл туралы Жамбыл облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды http://kazakhstanzaman.kz/.

«Құрметті астаналықтар, қала қонақтары және жамбылдық жерлестер, достар! Сіздерді ертең басталатын яғни, 12-13 шілде күндері елордамыздың 20 жылдығына орай «Жаңарған Жамбылдан – асқақтаған Астанаға!» атты Жамбыл облысының мәдени күндері аясында өтетін іс-шараларды тамашалауға шақырамыз», – деп жазған.

Айта кетейік, бүгін 12 шілдеде Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театры мен М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Қ.Бейсейітов пен Қ.Шандықбаевтың «Беу, қыздар-ай» комедиясы мен А.Коровкинның «Тетки» комедиясы сахналанады. 13 шілдеде мәдени іс-шаралар «Қазанат» ипподромындағы Этноауылда жалғасады. Онда мемлекеттік филармонияның ұжымы өнер көрсетіп, қолөнер шеберлерінің көрмесі өтеді деп жоспарланған. Сондай-ақ Есіл өзені бойындағы Амфитеатрда мерекелік гала-концерт өтеді.

«Бағдарламада спектакльдер мен қойылымдар, қасиетті Әулиеатаның өнер шеберлерінің мерекелік гала-концерті, көрермендер үшін көне Тараздан тарту ретінде естелік сыйлықтарға ұтыс билеттері ойнатылады. Барлық іс-шараларға кіру тегін. Мыңжылдықтар мұрасы көне қаланың ыстық сәлемін қабыл алыңыздар! Барлықтарыңызды асыға күтеміз», – деп жазды ол.

kazakhstanzaman.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.

микро займ на карту