- Advertisement -

Отанымыздың көрікті жерлерімен таныстыратын демалыс орындарын салу – басты міндет

154

- Advertisement -

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына қарасты Бурабай кентінде орналасқан «Визит-Центр» орталығына барды. Президент өңірдің туристік кластерін, атап айтқанда Щучинск-Бурабай курорттық аймағын, «Абылай хан» алаңын, «Ақ бура» курорттық аймағын аралап, басқа да нысандарды одан әрі дамытуға арналған жобаларды көрді.
Осы күні Мемлекет басшысы «Promenade Burabay» нысанының құрылыс жоспарымен танысты. Бұл кешен жайлы қонақ бөлмелерді, пентхаустарды, коммерциялық орындар мен конгресс орталықты қамтиды.
Президенттің Ақмоладағы сапары республикалық трамплинді шаңғы спорты базасында жалғасты. Мемлекет басшысы оқу-жаттығу жүргізуге, дайындық жасауға және жарыс өткізуге арналған жаңа спорт және туристік нысандарын аралады.
Спорт базасымен танысу барысында Елбасына еліміздің туризм саласын дамыту перспективалары туралы мәлімделді. «Туристік Қазақстан» бағдарламасының алдағы уақытта жүзеге асырылу және Щучинск-Бурабай курорттық аймағын әрі қарай жетілдіру жоспарлары жөнінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары А.Мамин, Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы және Ақмола облысының әкімі М.Мырзалин баяндама жасады. Баяндамаларды тыңдаған Мемлекет басшысы Қазақстанның туристік әлеуетін арттырудың өзектілігін айтты.
– Қазіргі уақытта қазақстандықтар балаларды Отанымыздың көрікті жерлерімен таныстыра алатындай демалыс орындарын салу– басты міндет саналады, – деген Нұрсұлтан Назарбаев Щучинск-Бурабай курорттық аймағының аумағындағы инфрақұрылымды дамытудың қажеттілігін тілге тиек етті. Сонымен қатар тиісті кадрларды даярлау есебінен туристік қызмет көрсету сапасын жақсартудың маңыздылығына ерекше тоқталды.
Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде 10 туристік аймаққа баса назар аударылатынын атап өтті. Олар – Имантау, Баянауыл, Түркістан, Алматы облысы, Шарын шатқалы, Алакөл, Каспий жағалауы және басқалары.
– Туристік нысандарға субсидия бөлу көзделіп отыр. Туристерді бәсекеге қабілетті баға болғанда ғана тарта аламыз. Біз экономиканың осы саласына зор мән беруіміз керек, – деді Елбасы.
Мемлекет басшысы өңірлердің басшыларын және инвесторларды еліміздің туристік кластерін дамыту үдерісіне белсенді атсалысуға шақырды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support