- Advertisement -

Сыбайластыққа жол бермеу жолдарын саралады

150

- Advertisement -

Облыстық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен депутаттары «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» мемлекеттік бағдарламасының талаптарын орындау бағытында атқарылған шаруалар жөнінде дөңгелек үстел отырысын өткізді.
Басқосу барысында облыстық мәслихат хатшысының 2018 жылғы 20 маусымдағы №38-ө өкімімен бірінші жартыжылдықта мәслихат аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бірнеше бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізіліп, нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік туғызатын дискрециялық өкілеттіктер мен нормалар анықталмағанын және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері мәслихат аппараты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша отырыстарында жария талқылауға жол берілетіні туралы айтылды.
Дөңгелек үстелде аталған ішкі талдау нәтижесін жан-жақты талқылап, бағдарлама талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарындағы тапсырмалар мен міндеттер сараланды. Қатысушылар тұрғындар тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалай қалыптастыруға болатынын айтып, пікірлерімен бөлісті.
Облыстық мәслихат депутаттары, аппараттың мемлекеттік әкімшілік қызметшілері күн тәртібіндегі мәселені қорытындылай келе, мемлекеттік қызметкерлердің қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау және қызметтік міндеттерін тиісті дәрежеде орындауларына қатаң бақылау жүргізілуі туралы тапсырылды.

«Аq jol-Ақпарат».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support