- Advertisement -

Күй күмбірлеп ашылса көңіл көзі

218

- Advertisement -

Тараз қаласындағы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған облыстық кітапханада елорда туралы оқырмандардың танымын қалыптастырып, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу мақсатында «Арайлы Астананы мақтан тұтам» атты оупен-эйр өтті.

Мерекелік кеште мүмкіндігі шектеулі азамат Еркін Мұхамбетов «Көк тудың желбірегені» әнін орындап, көпшіліктің ықыласына бөленсе, рухани орталықтың тұрақты оқырманы, №53 орта мектебінің оқушысы Сезім Сатымбектің орындауындағы «Ассалаумағалейкум» әні көрерменді баурады. №1 орта мектептің оқушысы Жалғас Мұқтыбек ақын Қалқаман Сариннің «Астана» өлеңін мәнерлеп оқыды.
Музыкалық шарада кітапхана қызметкері Балташ Енсепбаев, мектеп оқушылары, тұрақты зағип оқырмандар Айман Абдуали, Махмуд Пірманов, Қолқанат Оңғарбаева, Сағынкүл Шадыркұлова, Еркін Мұхамбетов, Жаннұр Қоңыратбаева, Айгүл Абдешова, Нұрсұлтан Ақпаев өнер көрсетіп, жырдан шашу шашты. Мүмкіндігі шектеулі жандар домбырамен күй шертіп, кештің ажарын аша түсті.

Нұрлан ӘБДІКӘРІМОВ,
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ студенті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support