- Advertisement -

Нұрғали Нүсіпжанов нақыштары

339

- Advertisement -

Елорданың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің мәжіліс залында Нұрғали Нүсіпжановтың шығармашылық концерті өтті. Көпшілік алдында тебірене сөйлеген әнші әр шығармасының тарихын айтып, тыңдармандарымен сырласып отырды.

Нұрекең концертін Әсет Бейсеуовтің әндерімен бастады. Әсіресе «Батыр Бауыржан» әні жүректерді толқытты. Содан соң Шәмші Қалдаяқовтың әндері орындалды. Вальс королінің «Арыс жағасында», «Теріскей» әндерін тыңдармандар әншімен бірге орындап, ғажайып әсерге бөленді. Нұрғали Нүсіпжановтың орындауындағы Мыңжасар Маңғытаевтың «Сағыныш», Болатбек Әбішевтің «Елбасы» әндері жүректен шығып жүректерге жетті.
Концерт Нұрғиса Тілендиевтің «Өз елім!», «Алатау» әндерімен қорытындыланды. Әсіресе барша адамды рухтандыратын «Өз елім» шырқалғанда барлық тыңдарман орынынан тік тұрып, ұзақ қол шапалақтады. Тыңдармандар ғажайып композитор Нұрғисаға, оның әнін бүгінгі буынға жеткізіп жүрген Нұрғали Нүсіпжанов ағамызға шынайы құрметтерін осылай білдірді.
Кеш соңында университет ректоры Махметғали Сарыбеков сөз сөйлеп, Астана тойына арнап концертін ұсынған Нұрғали Нүсіпжановқа шынайы алғысын айтып, аңыз әншіні «М.Дулати атындағы «Үздік табыстары» үшін төсбелгісімен марапаттады. Нұрғали Нүсіпжанов өзіне көрсетілген құрмет үшін университет ұжымына алғыс білдірді.

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support