- Advertisement -

Жаңа ережелер журналистер құқығын қорғайды

158

- Advertisement -

Тараз қаласындағы «Ark MS» қонақ үйінің мәжіліс залында Қазақстан ұлттық телерадиохабар таратушылар қауымдастығы мен «77 TV» телеарнасының қолдауымен БАҚ жетекшілеріне, журналистерге және заңгерлерге арналған «БАҚ туралы заңнамаға қатысты жаңа ережелер және журналистің қызметі» атты семинар өтті.
Баспасөз, телеарна, радио және интернет қызметкерлері мен медиазаңгерлерге БАҚ саласын реттейтін заң нормалары таныстырылды. Журналистердің құқықтары мен міндеттері, ақпараттың дұрыстығын тексеру, ақпарат алу жолдары, кез келген сауалға жауап алу тәртібі сынды өзекті сұрақтарға жауап беретін өзгертулер жаңадан енгізілген. Олардың басым бөлігі бұқаралық ақпарат құралдары құқын қорғауға арналған.
Қауымдастықтың БАҚ-қа қолдау көрсету орталығының заңгер-көмекшісі Салтанат Қалдыбекованың айтуынша, қоғам дамуына байланысты құжаттарда жаңалықтар болып тұрады – заман талабы.
Көптеген қажетті дүниелерге қанығып, құқықтық сауаттарын жетілдіре түскен облысымыздың алыс-жақын аудандарындағы төртінші билік өкілдеріне басқосу соңында семинарға қатысып, дәріс алғаны үшін сертификаттар табыс етілді. Ал қатысушылар тарапынан мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да ұйымдастырылып тұрса деген өтініш-тілектер айтылды.

Альмира ОМАРОВА.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support