- Advertisement -

Түркі әлемінің орталығында тың істер басталады

156

- Advertisement -

Президент әкімшілік-аумақтық құрылыстың кейбір мәселелері туралы Жарлыққа қол қойдыНұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа жария түрде қол қойды. Мемлекет басшысы осы рәсімінде сөйлеген сөзінде Шымкент миллионнан астам тұрғыны бар Астана мен Алматы қалаларының қатарына қосылғанын айтты.
–«Қазақстан Республикасы-ның әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 3-бабының 1-тармағына сәйкес бүгін мен қол қоятын Жарлық Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесін береді. Бұл әкімшілік бірлік еліміздегі он жетінші аймақ болады. Облыс орталығы ғасырлар бойы Қазақ хандығының және бүкіл түркі әлемінің саяси әрі рухани орталығы болған Түркістан қаласына көшіріледі, – деді Президент.
Нұрсұлтан Назарбаев жаңадан құрылған Түркістан облысында жаңа әкімшілік функцияларды сапалы іске асыру үшін барлық мүмкіндіктер бар екенін айтып, қабылданған шешімнің тарихи мәніне тоқталды.
– Шымкент біздің елдің ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңірінің инвестициялар, технологиялар және интеллектуалды ресурстар тартатын жаңа орталығына айналады. Бұл үшін барлық жағдай мен қажетті әлеует бар, – деген Мемлекет басшысы Шымкенттің республикалық мәртебе алуы оның одан әрі ілгерілеуіне септігін тигізетініне және қаланың алдында жаңа перспективалар ашылатынына сенім білдірді.
Қол қою рәсімінің соңында Нұрсұлтан Назарбаев Президент Әкімшілігіне, Үкіметке және облыс әкімдігіне Жарлықты сапалы әрі шұғыл іске асыру, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік органдар мен мекемелердің үздіксіз әрі тиімді қызметін қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support