- Advertisement -

Үстел теннисінен олжалы оралды

114

- Advertisement -

Петропавл қаласында Үстел теннисінен тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті. Бұл жарыста еліміздің барлық өңірінен 130 спортшы өнер көрсетті.
Аталған чемпионатқа облысымыздағы «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан» 5 спортшы қатысқан болатын. Нәтижесінде Вера Приданова жұпта өнер көрсетуде алтыннан алқа тағынса, Вера жекелей жарыста күміс медальді олжалады. В.Приданованың жетістігін әріптесі Флора Ем қайталады. Ол жұптасып өнер көрсетуден алтын медаль олжаласа, абсалюттік кезең бойынша күмістен алқа тағынды.
Жекелей спорттық ойындарда жерлесіміз Розалия Ким күміс жүлдені еншілесе, осы кезеңде Айдос Мұқашев қола жүлдеге қол жеткізді. Айдос жұптасып өнер көрсетуде де үздік үштіктен көрінді. Сөйтіп, жерлестеріміз екі алтын, үш күміс, екі қола медальмен олжалы оралды. Бұл жетістіктерде жаттықтырушы Мұхан Қуанышбаевтың үлкен үлесі бар.

Есет ДОСАЛЫ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support