- Advertisement -

Автобус парктері жаңартылуда

168

- Advertisement -

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов жыл басында қала басшылығына жолаушылар тасымалдаушы мекемелермен арада келісім жүргізу арқылы әртүрлі бағыттардағы қоғамдық көліктерді жаңалауды міндеттегені белгілі. Осы аптада «№1 Тараз автобус паркі» ЖШС-ның бірқатар жүргізушісіне жаңа автобустардың кілттері табыс етілуі бұл істің нақты жүзеге асырылуының көрінісіндей болды.

Айта кету керек, аталған серіктестік жолаушыларға 40 жылдан астам уақыттан бері қоғамдық көлік қызметін көрсетумен келеді. Мекеме меншігінде барлығы 89 автобус тіркелген, оның 66-сы өздеріне бекітілген бағыттар бойынша қызметтерін ұсынуда.
Серіктестік қаладағы жолаушыларға қызмет көрсету сапасын, мәдениеттілікті көтеру бойынша жасалған іс-шаралар жоспарына сәйкес алғашқылар қатарында жылжымалы құрамдары паркін жаңалау мүмкіндігіне ие болып отыр. Атап айтқанда, мекеме «Жол картасы» даму бағдарламасы аясында жалпы құны 190 миллион теңгені құрайтын, Ресейден әкелінген орташа сыйымдылықтағы 20 «Паз-32054» маркалы автобусын айналымға қоспақ. Олар алдағы уақытта №11 және №17 бағыттарындағы ескірген көліктерді алмастыратын болады. Барлығы да газ отынын тұтынуға лайықталған, нақты уақыт кестесін бақылап отыру үшін GPS жүйесімен және автоматтандырылған хабарлау қондырғысымен жабдықталған. Бірер күнде жолаушылардың пайдалануына да берілмек.
Облыс орталығында тасымалдаушылармен бірлесе мұндай іс-шараларды жүзеге асыру алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. Атап айтқанда, «ӘулиеатаТрансПасс», «Экспресс-05», «ТаразТрансМоторс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерімен жалпы саны 39 дана орташа және үлкен сыйымдылықты автобустар сатып алу бойынша тиісті шаралар жүргізілуде. Таяу арада қалалық № 9, 12, 16, 43, 44, 47, 54-бағыттарындағы ескірген көліктер жаңасымен ауыстырылатын болады.

Нұрлан ӘБДІКЕРІМОВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support