- Advertisement -

Тарихи орындарды тамашалады

101

- Advertisement -

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық ешқашан толастаған емес. Елбасы оларды қоғамға бейімдеуді үнемі ескертіп келеді. Облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен «Асап» мүгедектер ұйымы бірлесіп, қамқорлықты қажет ететін 100 адамға жанашырлық танытты.
Оларды облысымыздың мәдени-тарихи жерлеріне тегін тасымалдап, сауапқа кенелді. Мүмкіндігі шектеулі жандар «Қарахан», «Kөнe Тараз» «Тектұрмас», «Қазақ хандығына – 550 жыл», «Айша бибі», «Төрткүл» тарихи орындарын аралап, елге ортақ құндылықтардан көңілдеріне ой түйіп, бабалар рухына бағышталып оқылған құранға қол жайды.
Саяхат олардың көңілдерінен шықты. Мүмкіндігі шектеулі жандар осындай қамқорлығы үшін облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына алғысын білдірді.

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support