- Advertisement -

Әз көңілдерге ән сыйлады

155

- Advertisement -

Облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы ұжымының ұйытқы болуымен зағип және көзі нашар көретін арнайы «Болашақ» мектеп интернатында «Мәдениет – мәңгілік өнер» атты жергілікті өнер иелерімен кездесу кеші өткізілді.
Шараға облыстық филармонияның әншілері ҚР Мәдениет қайраткері Анна Вундер, мәдениет саласының үздігі Жанатбек Кәдіров қатысты. Кеш барысында облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мәдениет және өнер бөлімінің бас маманы Жадыра Құттыбаева сөз сөйлеп, тағдыр тауқыметін тартқан бүлдіршіндерді жігерлендірді. Өз кезектерінде мектеп-интернаттың оқушылары шарықтата ән шырқап, бір жасап қалды. Сондай-ақ олар әнші аға-әпкесіне сауалдарын қойып, қызықты жауаптар алды.
Әсем әндермен әдіптелген кеш балғындарға ерекше әсер сыйлады. Жанатбек Кәдіров пен Анна Вундер жас таланттардың болашағына табыс тілеп, қосылып ән шырқады. Шара соңында мектеп-интернат директоры Гүлзира Тойшыманова сөз сөйледі. «Оқушыларымыз республикалық Брайль атты балалар арасындағы олимпиадаға қатысып, Орал қаласынан бас жүлде иеленіп оралды. Сондай-ақ «Жұлдызай» фестивалінде өнер көрсетіп тұрады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қаласында өткізілген республикалық байқаудан қазақ тілі және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Гүлсара Рахаева «Ең үздік ұстаз» медалін жеңіп алды. Оқушылардың толайым табыстарға жетіп жатқаны бізді қуантады», – деді ол.

«Aq jol-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support