- Advertisement -

«Тараз» сырт алаңда жеңіске жетті

139

- Advertisement -

Футболдан бірінші лига ойындары қыза түсуде. Премьер-лигаға қайта оралуды басты мақсат санайтын «Тараз» футбол клубының ойыншылары бірінші лиганың бірінші айналымын екінші орынмен аяқтады.
Күнтізбелік кестеге сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының «Мақтарал» командасына қонаққа барған жамбылдық футболшылар сырт алаңда жеңіс тойын тойлап, жанкүйерлерін қуантып тастады. Ойынның бірінші бөлігінде қос команда футболшылары дүркін-дүркін шабуылдар ұйымдастырғанымен, таблодағы көрсеткішті өзгерте алмай үзіліске кетті.
Кездесудің екінші кезеңінің алғашқы бөлігінде «Мақтарал» футболшылары белсенділік танытып жатты. Аталмыш команда футболшылары тіпті алғаш болып есеп ашып, бірінші лиганың басты фавориттерінің бірін жеңіп кетуге шақ қалды. Иә, ойынның 61-минутында Қуаныш Бегалин жергілікті «Мақтаралды» есепте алға шығарған соң «Тараз» футболшылары шабуылды үдете түсті. Нәтижесінде 76-минутта Абзал Таубай мергендік танытып, таразы басын теңестірсе, 82-минутта Илья Воротников ойындағы соңғы голды соғып, ақтық нәтижені тіркеді. Қорытынды есеп – 1:2. «Тараздың» пайдасында.
Жерлестеріміз премьер-лигаға оралуға мықтап бекінсе, алдағы ойындарда да ұпайдан шашау шығармауы керек.

Табиғат АБАИЛДАЕВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support